{metadescription}
Әкесі он жасар ұлын байқамай атып өлтіріп алды

Әкесі он жасар ұлын байқамай атып өлтіріп алды

Мәскеу түбінде әкесі он жасар ұлын байқамай атып өлтіріп алды.

Отағасына "Абайсызда адам өлтірді"  бабымен қылмыстық іс қозғалды. Мәскеу облысының тұрғыны ұлын үйдегі пневматикалық қарудан байқамай атып өлтірген. Бұл туралы Mash телеграм хабарлайды.

Ер адам қала сыртындағы үйінде жанұясымен демалуға барып, сол жерде пневматикалық қарумен атып көрмек болады. Атылатын нысанды белгілеп, енді ата бергенде алдынан он жасар ұлы атып шығады да, оқ тап ұлына тиеді. 

Оқ баланың кеудесіне тиген. Бала ауруханаға жеткізілді, бірақ дәрігерлер оны құтқара алмады. Әкесіне қатысты аймақтағы РТК-нің тергеу бөлімі абайсызда адам өлтірді бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде