{metadescription}
Сейфті ашып, ірі көлемде ақша ұрлаған

Сейфті ашып, ірі көлемде ақша ұрлаған

Қарағандыда сейфтен ірі көлемде ақша ұрлаған жігіт ұсталды.

Көлік полицейлері ерекше ірі мөлшерде ақша ұрлаған Қарағанды облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Желілік ішкі істер бөліміне белгісіз біреулер Жезқазған станциясының локомотив депосының бухгалтериясының сейфінен ақша ұрлағаны туралы хабар келді. Келтірілген залалдың мөлшері 6 926 348 теңгені құрады. Көлік полицейлері Жезқазған қаласының 25 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті өз айыбын мойындаған.

Қарағанды облысы Жезқазған қалалық сотының үкімімен ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 4-тармағына сәйкес айыпты деп танылып, бес жылға кесілді.  


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде