ВИДЕО: 12 футбол жанкүйері автобус апатынан көз жұмды
Эквадорда 12 футбол жанкүйері автобус апатынан көз жұмды.
16:20 14.08.2018
Эквадордың оңтүстік-батысында Асуай провинциясында футбол жанкүйерлері отырған автобус төңкеріліп кеткен. Билік берген мәліметтер бойынша, 12 адам қаза тауып, 30-ға жуығы жарақат алды.
Автобуста жергілікті "Барселона" клубының жанкүйерлері отырған. Олар өз командаларының куэнкалық "Депортиво" командасымен ойынын тамашалап, үйлеріне қайтып келе жатты. "Барселона" президенті Хосе Франсиско Чеваллос бұл ақпаратты растады. Ол қайтыс болғандардың денесін тезірек үйіне жеткізуге уәде берді.
Жол апаты Куэнкиден Гуаякильге бара жолда орын алды. Эквадорлық басылымдардың жазуынша, автобус жүргізушісі басқа көлікті басып озбақ болып аударылып кеткен. Машина жақында ғана техникалық байқаудан өткен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!