{metadescription}
Алматыда полиция студентті өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұстады

Алматыда полиция студентті өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұстады

Алматыда 16 жастағы жасөспірім 18 жастағы студентті өлтірді деген күдікпен ұсталды.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша М.Әуезов аудандық ІІБ-де сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

«Аталған қылмысты жасады деген күдікпен 16 жастағы жасөспірім қалалық ІІД уақытша оқшаулау орнына қамалды. Ол қылмыс жасағанын мойындады», - деді қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек.

Сонымен қатар, полиция қылмысқа қатысы болуы мүмкін деген адамдарды анықтау үшін тергеу жүргізуде. Бүгін «Ақсай» университетіндегі емхана бас дәрігерінің орынбасары Шахеризада Ахашеваның 18 жастағы ұлы кісі қолынан мерт болғаны белгілі болды.

Баланың өлімі жайлы С.Асфендиаров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің сайтында жазылды. Дәрігердің әріптестері оның қайғысына ортақтасып, көңіл айтқан.

«С.Асфендиаров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің ұжымы «Ақсай» университеттік емханасының бас дәрігерінің орынбасары Шахеризада Ахашеваның 18 жастағы баласы Жанұрдың қаза болуына байланысты қайғырып көңіл айтамыз. Жаннұр биыл мектеп бітіріп, жоғарғы оқу орнына түскен болатын», - делінген жазбада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде