{metadescription}
Ата-анасы 4 жасар баласын аштықта ұстаған

Ата-анасы 4 жасар баласын аштықта ұстаған

Жантүршігерлік оқиға Украинада орын алған.

Осы жасында қалыпты 16 келі болуы тиіс баланың салмағы 7 келіге дейін түсіп кеткен.

Ауруханаға апара жатқан жолда бала дәрігерлерден үнемі нан мен су сұраған. Ал медбикенің қолынан табаны көргенде ол айғайлап жылап жіберген.

Сарапшылар баланың қанша уақыт бойы тамақтандырмағанын тексеру үстінде.

Ашыққан баланы дәрігер кездесйсоқ кезіктіріп қалады. Дәрігер баланы ауруханаға жатқызу керектігін айтқан, бірақ ата-анасы қарсы болады. Кейін дәрігер биліктен көмек сұраған.

Нәтижесінде қазір бала дәрігерлердің бақылауында. Бүгінгі таңда баланың өміріне еш қауіп жоқ.

Баланың ата-анасын ата-аналық құқықтан айыру мәселесі қаралып жатыр. Бұл отбасында зардап шеккен баладан бөлек тағы үш қыз бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде