Өскеменде бес жасар қыз балабақшадан қашып кеткен
Кеше бес жасар қыз 30 гвардиялық дивизия көшесінде бірнеше сағат жалғыз жүрген.
09:19 16.08.2018
Оны байқаған азамат дереу 102-ге қоңыраулаған. Бала өзінің қайда жүргенін білмеген. Қайда тұратынын да, ата-анасының да аты-жөнін айта алмаған. Бірақ тәртіп сақшыларының іздестіруімен баланың ата-анасы табылды.
Айта кетейік, осы іске байланысты «бұл бала балабақшадан қашып шығуы мүмкін» деген де пікірлер айтылуда.
– Баланың ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Балабақшадағы тәрбиешісіне де ресми хат жолданды. Балабақшадан кеткен-кетпегендігі анықталуда, – деді Өскемен қалалық ішкі істер басқармасының баспасөз хатшысы Әсел Әміренова.
Дереккөз: altaynews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!