Билік үшінші жыныс түрін заңдастырды
Германия үкіметіндегілер азаматтық хат актілерінде үшінші жынысты бекітті.
10:50 16.08.2018
Бұл туралы Германия Ішкі істер министрлігінің Twitter-дегі парақшасында жарияланды.
Енді Германияда «еркек» және «әйел» жынысынан бөлек «интерессуалды» жынысы пайда болды. Осылайша Германия үкіметі өздерін екі жыныстың ешқайсысына жатқыза алмай жүрген адамдарға көмектесуді жоспарлап отыр.
Заң жобасы Германияның Конституциялық сотының 2017 жылғы 10 қазандағы шешімі бойынша әзірленді, алдағы уақытта Бундестагта қарастырылатын болады.
Айта кетсек, үшінші жыныс туралы заң Аустралия, Жаңа Зеландия, АҚШ, Канада, Үндістан, Пәкістан және Непал елдерінде де заңдастырылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!