ВИДЕО: Теңіз жағалауынан түсініксіз құбыжық табылды
Камчатка түбегінде жергілікті тұрғын теңіз жағалауынан сабалақ жүнді, құйрығы ұзын тіршілік иесінің денесін тапты.
12:30 16.08.2018
Жұмбақ құбыжықтың суреттерімен Светлана Дяденко Facebook желісінде бөліскен. Желі қолданушылары бұл киттің немесе акуланың денесі болуы мүмкін.
Жағалаудан табылатын органикалық массаларды әдетте глобстер деп атайды. Киттер мен акулалардың денесі су ішінде ұзақ жүргендіктен, бұзылып-шіріп, алуан түрлі кейіпке енеді.
КамчатНИРО қызметкерлері де сондай қорытынды жасап, видеодағы құбыжықтың киттің өлі денесі екенін растады.
Дереккөз: sputniknews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары