{metadescription}
ВИДЕО: Маңғыстау облысында болған жол апатынан 4 адам зардап шекті
Ақтау-Жетібай тас жолында болған жол апатынан бір әйел және үш ер кісі зардап шекті.
13:47 16.08.2018
Оқиға 15 тамыз күні сағат күндізгі 11.00 шамасында болған.
«Жетібай аудандық орталық ауруханасына жол апатынан жарақат алған 4 адам жеткізілді. Медициналық көмек көрсетуден кейін екі ер азамат үйіне қайтарылды. Ал иық және қабырғасы сынған әйел мен жамбасы сынған ер азамат травматологиялық бөліміне жатқызылған», – деді Маңғыстау облыстық ауруханасындағылар.
Дереккөз: sn.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!