{metadescription}
Екі дүркін олимпиада чемпионы қайтыс болды

Екі дүркін олимпиада чемпионы қайтыс болды

Спорт гимнастикасынан екі дүркін олимпиада чемпионы Елена Шушунова 50-ге қараған шағында Санкт-Петербургте өмірден озды.

Шушунованы кеше әпкесі ауруханаға жеткізген, түнде чемпион қайтыс болды.

Мүрдені тексеру нәтижелері әлі шыққан жоқ. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, Шушунованың өліміне пневмониядан кейінгі аурудың асқынуы себеп болуы мүмкін».

Шушунова 1988 жылы өткен Олимпиада ойындарының абсолюттік чемпионы. Сол жылғы Олимпиадада дара жарыстан бөлек, командалық турнирдің алтын медалін, сондай-ақ күміс және қола медальдардың иегері атанған. Командалық бәсекеден, көпсайыстан әлем чемпионы, ал көпсайыстың жеке түрлері бойынша үш дүркін әлем чемпионы болған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.