{metadescription}
Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде жоғарылады

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде жоғарылады

Халықаралық футбол қауымдастықтары одағы (ФИФА) ресми сайтында жаңарған рейтингін жариялады.

Халықаралық футбол қауымдастықтары одағы (ФИФА) ресми сайтында жаңарған рейтингін жариялады. Қазақстан құрамасы бір саты жоғарылап, 116-орынға тұрақтаған.

ФИФА-ның рейтингі 19 шілде күні жаңаруы тиіс еді. Алайда әлем чемпионатына байланысты кейінге шегерілген-ді. Нәтижесінде жаңарған рейтинг бүгін жарияланды.

Алғашқы ондықта айтарлықтай өзгерістер бар. Әлем чемпионы атанған Франция көш басына шықты. Бельгия құрамасы үштен екінші орынға көтерілсе, Бразилия бір саты төмен сырғыды. Финалға шыққан хорваттар 16 саты жоғарылап, төртінші орыннан бір-ақ көрінді. Сондай-ақ Уругвай, Англия мен Дания құрамалары алғашқы ондыққа енген. Аргентина, Германия мен Польшаондықтан шығып қалған.

Үздік құрамалар ондығы:

1 (7). Франция - 1726 ұпай
2 (3). Бельгия - 1723,
3 (2). Бразилия - 1657,
4 (20). Хорватия - 1643,
5 (14). Уругвай - 1627,
6 (12). Англия - 1615,
7 (4). Португалия - 1599,
8 (6). Швейцария - 1597,
9 (10). Испания - 1580,
9 (12). Дания - 1580,

Жаңарған рейтингтегі ең төменгі нәтижені Египет ұлттық құрамасы көрсетіп отыр. Олар бірден 20 саты төмендеп, 65-орынға тұрақтаған. Бұл рейтингтің үздік көрсеткішін Ресей құрамасы еншіледі. Олар 21 саты жоғарылап, 49-орынға табан тіреген.

Дереккөз: vesti.kz

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде