{metadescription}
Тікұшақ өрт сөндіріп жүріп апатқа ұшырады
Аустралиялық Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының оңтүстік жағалауында өрт сөндіруші тікұшақ апатқа ұшырады. Штаттың өрт сөндіру қызметі орман өрттерімен күресуге арналған тікұшақтарының бірі ұшыраған келеңсіз жағдайды растап отыр. Ол апатқа ұшыраған сәтте Шоалхейвен ауданында отқа оранған бұталарды сөндірумен айналысып жатқан. Бортта бір адам ұшқыш қана болған деп болжап отыр. Жедел жәрдем қызметі жергілікті уақыт бойынша сағат 14:15-те шақырту алған.
15:18 17.08.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!