Қытай АҚШ-қа соққы жасауы мүмкін
Пентагон Қытай әскерилерінің соңғы үш жылда бомбалаушы ұшақтарын сынақтан өткізуді жиілеткенін мәлімдеді.
17:00 17.08.2018
АҚШ қорғаныс министрлігінің есебіне сәйкес, бұл АҚШ пен оның жақтастарына соққы жасауға дайындық болуы мүмкін.
Баяндама Пентагон сайтында жарияланған. Есепте Қытай армиясы "ҚХР-дан алыс қашықтықтағы нысандарды жою" мүмкіндігін жетілдіріп жатқаны көрсетілген. Америка "Қытай теңіздің қауіпті аймақтарында АҚШ-тың Тынық мұхитындағы әскери базаларын атқылауды үйрену үшін жаттығу жасап жатыр" дейді.
Биыл мамырда Пекин Оңтүстік-Қытайдағы даулы аралдарына ядролық қару таси алатын бомбалаушы ұшақтарын жіберген. АҚШ бұған алаңдаушылық білдірген.
АҚШ пен Қытай арасы "сауда соғысынан" соң ушығып кеткен. Тараптар тамыздың аяғында Вашингтонда екі жақты қарым-қатынасты талқыламақ.
Дереккөз: centralasian.org
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары