{metadescription}
Галбадрах Отгонцэцэг  Еуропа кубогында алтын алды

Галбадрах Отгонцэцэг Еуропа кубогында алтын алды

Беларусьтың Минск қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында өтіп жатқан Еуропа кубогында қазақстандық Галбадрах Отгонцэцэг ел қоржынына алғашқы алтын жүлдені салды.

48 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғап жатқан Галбадрах жарысты екінші айналымнан бастады. Алғашқы белдесуінде ол ресейлік Лилия Киселеваны айқын басымдықпен ұтса, жартылай финалда әзірбайжандық қарсыласы Айша Гурбанлыны жарыс жолынан шығарды. Ал финалда ресейлік Татьяна Аякинаны қапы қалдырып, Еуропа кубогының чемпионы атанды.

Ал жарыстың бірінші күні ерлер арасында 66 келі салмақта Есет Қуанов финалда ресейлік Арам Григорянға жол беріп, күміс медаль иеленді.

Бұл додаға Қазақстаннан 27 дзюдошы аттанған. Ал бүгін, яғни жарыстың екінші күні ерлер арасында 81, 90, 100 және +100 кг салмақ дәрежелерінде, әйелдер арасында 70, 78 және +78 кг салмақта жеңімпаздар анықталады.

Айта кетейік, Галбадрах Отгонцэцэг Еуропа кубогынан кейін Азия ойындарына қатысады. Сары құрлықтың басты додасында дзюдо жарыстары 25 тамыз күні басталады.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде