Зарина Дияс АҚШ-та өтіп жатқан жарыстың финалына шықты
Қазақстандық қыз Болгария спортшысын ұтып, енді словен теннисшісімен бақ сынасады.
12:40 19.08.2018
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс АҚШ-тағы турнирдің квалификация финалына өтті.
WTA турнирінің негізгі кезеңіне бір қадам жақындау үшін Дияс Болгариядан келген спортшыны жеңген.
Турнир америкалық Нью-Хейвен қаласында өтті. Қазақстандық теннисші үш сеттен тұратын ойында (6:1, 3:6, 6:3) әлемнің 66-шы ракеткасы Вера Лапконы ұтты. Диястың өзі Әйелдер теннис қауымдастығы рейтингісінде 63-орында тұр.
Дияс енді турнирдің негізгі кезеңіне өту үшін Словения елінен келген Тамара Цидансекпен бақ сынасады. Кеше олардың кездесуі тоқтатылды, "6:3, 4:2" есебімен Цидансек алда келе жатыр, бүгін ойынды әрі қарай жалғастырмақ.
Екі күн бұрын Дияс отандасы Юлия Путинцеваны жеңді (7:5, 6:1). Путинцева – әлемнің 50-ші ракеткасы.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!