Ауруханада істейтін 16 медбике бір уақытта жүкті болған
Американың Аризона штатындағы аурухананың 16 медбикесі бір уақытта декреттік демалысқа кететінін жариялады.
01:00 20.08.2018
Месадағы медициналық орталықтың жансақтау бөлімінде істейтін он алты медбикенің бәрі жүкті болып шықты.
Бұл жай ғана кездейсоқтық екен.
Медбикелер қазір асханада бірге тамақтанып, жерігін басып жатады. Оларға арнап аспаздар арнайы пайдалы тағамдар да әзірлеп қояды екен.
Аурухана басшылығы да болашақта медбикелердің жетіспей қалуы мүмкін екенін ескеріп, жоспар құрып жатыр. Барлық медбике осы жылдың қазан айымен 2019 жылдың қаңтары аралығында босанбақ.
Олардың бәрі 12 апталық декреттік демалысқа шығарылады. Аурухана әкімшілігі көптеген жүкті әйелдің кетуіне бұрыннан әзірленіп жатқанын айтады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!