Қорық қызметкерін аю талап өлтірді
Камчаткада табиғи қорықтың қызметкерін аю талап өлтірді.
11:00 20.08.2018
Кроноц табиғи қорығындағы 23 жастағы қызметкер аюмен арпалысып өлді.
18 тамызда ол туристермен бірге келмен балықтың уылдырық шашу есебін жүргізетін жерге келе жатқан. Ол жерде келушілерден шарбақпен жабылған жерде аюлар көптеп жүреді екен. Қызметкер рюкзагын жоғалтып алып, оны іздеуге кіріседі. Басшылыққа ескерту жасамаған. Оның жоғалып кеткенін білген күзет қызметкерлері іздей бастайды. 19 тамызда оның аю талап өлтірген денесін қорықтан тауып алды.
Жігіт жыртқыш аңдар азығын қазып алып, оны қорғайтын аймаққа кіріп кеткен. Сөйтіп аюмен арпалысып жүріп жан тапсырған, - дейді қорықтың өкілі.
Фото: © РИА Новости/Владимир Астапкович
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!