{metadescription}
Теңізге құлаған әйел 10 сағаттан соң тірі табылды

Теңізге құлаған әйел 10 сағаттан соң тірі табылды

Круиздік лайнердің бортынан құлап кеткен Ұлыбритания азаматшасы10 сағат бойы Адриат теңізінде жүзіп жүрген.

Оқыс оқиға жексенбі күні түн жарымда Хорватия жағалауынан шамамен 100 шақырым жерде болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews-ке сілтеме жасап. 

Жағалаудағы күзет қызметкерлері келесі күні таңертең братитандық саяхатшыны құтқарып қалды. Әйел кеменің бортынан құлаған жерге жақын маңда табылды. Құтқарушылар туристің 10 сағат суда жатып, қатты әлсірегенін айтты. Британдық азаматша шұғыл Пула ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер науқастың өміріне еш қауіп төніп тұрмағанын айтады. Оқиғанын мән-жайы анықталуда.

ФОТО: euronews

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде