Сусыз қалып ашуға булыққан клиент сантехникті пышақтап өлтірді
Лондонда сусыз қалып ашуға булыққан клиент сантехникті пышақтап өлтірді.
Фото: Daily Mail
18:03 20.08.2018
63 жастағы су жіберуші Гэри Амер түскі үзілісте үш сағат тамақ ішкені үшін өлтірілді. Оны үйінде бірнеше күн ыстық су болмаған 67 жастағы Уильям Тредуэлл пышақтады, деп хабарлайды Daily Mail.
Көршілерінің айтуынша, Гэри Амер сол күні Тредуэллдің үйіне ыстық су жүрмей қалып шақырылған. Біраз жұмыс істеген сантехник түскі үзілісте ас ішуге үш сағатқа кетіпті. Тамақ ішіп келген соң үйдің қожайынына жұмысын ертең келіп жалғастырамын деп айтқан.
Уильям Тредуэлл ашуланып, жұмысты бүгін бітіруін талап еткен. Ал сантехник қажетті құрал-сайманының жоқтығын айтқан. Нәтижесінде қатты ұрыс туып, үйдің иесі сантехникті пышақтап тастаған. Оқиға болған үйге жеткен полиция сантехниктің өлі денесін көреді.
Полиция 67 жастағы Уильям Тредуэллді ұстады, оған адам өлтірді деген айып тағылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!