Бақылау камералары түсірген видео қанша уақыт сақталады?
Астанада бқылау камералары түсірген видео қанша уақыт сақталады?
10:00 20.08.2018
«Видеоархив 30 күн бойы сақталады. Одан артық сақтай алмаймыз, өйткені видеолардың көлемі тым үлкен. Тұнықтығы өте ауыр болғандықтан, оларды сақтауға көп шығын жұмсалады», - дейді қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының басшысы Жаннат Дүбірова.
Басшының айтуынша, орталықта 160 адам жұмыс істейді.
«160 адамның 60-ы операторлар, олар ауысыммен жұмыс істейді. Түнде 8, күндіз 22 адам жұмыс істейді. Видеобақылау бөлімінде 60 адам бар, олар 20 адамнан үш ауысымға бөлінген», - дейді Ж. Дүбірова.
Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда орталыққа Алматы ауданының тұрғындары өзгелерден көбірек жүгінеді.
Оның артынан Сарыарқа, Есіл аудандары келеді, ал кенже аудан Байқоңыр тұрғындары басқалардан аздау жүгінетін көрінеді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!