{metadescription}
ВИДЕО: Мейрамханада отырған экс-модель қыздың бетін ит талап тастады

ВИДЕО: Мейрамханада отырған экс-модель қыздың бетін ит талап тастады

АҚШ-тың Колорадо штатында мейрамханада отырған экс-модель қыздың бетін ит талап тастады.

Енді Денвер қаласының полициясы мейрамханада түсірілген бейнебақылау камерасына түсірілген видеоны таратып жатыр. Құқыққорғау органдары мейрамхана қонағын қауып алған хаска тұқымдас итінің қожайынын тауып беруді өтінеді.

Мейрамхананың жазғы верандасында жүрген ит сонда отырғандарды иіскелеп, ешкімге тиіспей, қаппай, тыныш жүргенін көреміз. Тіпті итті сонда отырғандар басынан сипап, еркелеткенін де көруге болады. Бірақ бірер секундтан соң ит стол басында отырған қызға тап беріп, бетінен қауып алды. 

Жедел жәрдем шақырып, зардап шеккен әйелге көмек беріп жатқанын пайдаланып, иттің қожайыны сып беріп шығып, қашып кеткен.

Daily Mail хабарлауынша, зардап шеккен әйел экс-модель болып шықты. Бетіне зақым келген ол енді косметикалық ота жасауға мәжбүр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.