Азиада-2018: Қазақстан бесінші орыннан 11-ші орынға сырғып кетті
Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарының екінші күні Қазақстан құрамасы жалпы есепте бесінші орыннан 11-ші орынға сырғып кетті.
09:20 21.08.2018
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Азия ойындарының арнайы сайтындағы медальдар есебі бойынша бүгін көш тізгінін ұстаған Қытай құрамасы қарсыластарынан оқ бойы озып кеткен. Олардың еншісінде 15 алтын, 12 күміс, 9 қола (36) медаль бар.
Екінші орында 8 алтын, 11 күміс, 11 қола (30) медаль еншілеген жапондық спортшылар келе жатса, үздік үштікте 5 алтын, 9 күміс, 10 қола (24) медаль жеңіп алған оңтүстіккореялық спортшылар келе жатыр.
Ал Қазақстан спортшылары 1 алтын, 2 күміс, 3 қола (6) медальмен 11-ші орында келеді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан спортшылары Азиаданың алғашқы күні 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алса, бүгін ел қоржынына жалғыз күміс жүлде бұйырды. Оны осыған дейін хабарлағанымыздай әйелдер күресінен Жұлдыз Ешімова жеңіп алды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!