Азияда-2018:Таэквондодан екі қазақстандық спортшы жартылай финалға өтті
Индонезияда өтіп жатқан ХVIII Жазғы Азия ойындарында таэквондодан Қазақстан командасының мүшелері Руслан Жапаров пен Жансель Дениз жартылай финалға шықты.
14:10 21.08.2018
Деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҚР ҰОК-тің баспасөз қызметі мәлім еткендей бүгін Джакарта қаласыда Жансель Дениз (+67 келі) ширек финалда Вьетнам спортшысын 16:1 есебімен ойсырата ұтып, жартылай финалға өтті. Отандасымыз 1/16 бәсекеде Дениз Филиппин спортшысынан басым түскен болатын. Енді жартылай финалда Жансель өзбекстандық Светлана Осиповамен кім мықтыны анықтайды.
Ал команда үздігі Руслан Жапаров (+80 келі) ширек финалдағы таиландтық қарсыласын 30:15 есебімен тізе бүктірді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!