{metadescription}
ВИДЕО: Теміртауда бұзақылар ұлттық киімдегі мүсінді тепкілеп бүлдірді

ВИДЕО: Теміртауда бұзақылар ұлттық киімдегі мүсінді тепкілеп бүлдірді

Қарағанды облысы Теміртау қаласында көшенің көркі болып тұрған мүсіндерді талқандаған екі бұзақы анықталды.

Мүсінді талқандап жатқан екі жеткіншектің әрекеті түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіге тарап кетті. Онда белгісіз екі жасөспірім қазақ киімді мүсінді тепкілеп, қолын шағып тастағаны бейнеленген. Ал екінші жеткіншектің қолында пышақ болған.

Қаланың гүлзарында орнатылған бұл мүсіндерге бюджеттен біршама қаржы бөлінген. Полиция мәліметінше, «Біреудің мүлкін қасақана бұзу» бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, күдіктілерге айыппұл салынды. 

«Теміртауда кәмелетке толмаған ер адамды анықтадық. Келтірілген шығынның мөлшері анықталуда», – дейді қақалқ ІІБ басшысының бірінші орынбасары Д.Кәріпбаев.

Видео авторы: Жизнь Темиртау

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.