ФОТО: Полицей-әйел ұмыт қалған аш нәрестеге омырауын беріп емізді
Аргентиналық полицей-әйел ұмыт қалған аш нәрестеге омырауын беріп емізді.
Фото: Marcos Heredia
17:20 21.08.2018
Селесте Айала (Celeste Ayala) сол күні Sor Maria Ludovica балалар ауруханасында Буэнос-Айресте кезекшілікте болған. Ауруханаға жедел жәрдеммен ауру нәрестені жеткізген болатын.
Селеста шырылдап жылап жатқан нәрестені көріп, оған еш дәрігердің жоламағанын байқады. Сәбидің аш екенін сезді. Жаны ашып кеткен полицей әйел дәрігерлерден баланы емізуге бола ма деп сұрады, деп жазады Daily Mail.
"Аш екенін сездім, өйткені байқұс бала саусағын сорып жатты. Қолыма алып көтеріп, құшақтадым. Жүрегім ауырып кетті. Бұл дүниеде кішкентай балалар қиындық көрмеуі тиіс, қоғам балалар проблемасын бейжай қарамаса..".
Сәби отбасындағы алты баланың ең кішкентайы екен. Жалғызбасты ананың тұрмыстық жағдайы өте нашар. Бала ашқа жарымаған. Сонымен бірге баланың үсті де кір-қожалақ болған. Бірақ Селеста одан жиіркенген жоқ. Омырауын ашып, өзінің емшек сүтімен емізді.
Селенаның әріптесі Маркос Хередия оның бала емізіп отырған сәтін фотоға түсіріп, әлеуметтік желіде бөлісті. Оның жазбасына жүздеген мың адам лайықты баға беріп, әйелдің қызметінен бұрын, адами және мейірімділік қасиетін қолпаштауда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!