{metadescription}
Азиада-2018: Қазақстандық Кирилл Казанцев қола медаль жеңіп алды

Азиада-2018: Қазақстандық Кирилл Казанцев қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық Кирилл Казанцев маунтинбайктан қола медаль иегері атанды.

Бұл туралы «SPORTINFORM» жазады. 

Спортшы кросс-кантри категориясында сынға түсті. Казанцев алғашқыда үш айналым бойынша бірінші орында келе жатты. Алайда қытайлық спортшылар басымдық танытып, отандасымыздың алдына шығып кетті.

Нәтижесінде Казанцев қытайлық спортшыдан 2 минут 32 секундқа кейін қалып, үшінші орынға табан тіреді.

Екінші орынды да Қытай спортшысы еншіледі.

Бағдарламаның аталмыш түрінен тағы бір отандасымыз Шарик Әділов сынға түскен еді. Спортшы жарысты 8-орынмен тәмамдады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.