{metadescription}
Тоқаев: Астана нөсер жаңбырға дайын емес

Тоқаев: Астана нөсер жаңбырға дайын емес

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев нөсер жаңбырдан кейін Астананың кей тұстарын су алып кетуге қатысты шұғыл шаралар қабылдауды талап етті.

«Президенттің тапсырмасына қарамастан, Астана нөсер жаңбырға және басқа да табиғи құбылыстарына ұдайы дайын емес. Содан Астана тұрғындары зардап шегуде және оның халықаралық абыройына нұқсан келуде. Бұл мәселені елорданың 20 жылдығына дейін шешу керек еді. Сенаторлар шұғыл шаралар қабылдауды талап етеді», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Тwitter-дегі парақшасында.

Айта кетерлігі, қала әкімдігінің мәліметінше Астанада 20 тамыздан 21-іне қараған түні жаңбырдың бір айлық мөлшері жауған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.