{metadescription}
Суға батып кеткен бикеш ән салып тірі қалды

Суға батып кеткен бикеш ән салып тірі қалды

Кемеден құлап кеткен Кэй Лонгстафф есімді британиялық жолсерік қыз суда 10 сағат бойы қалып қойған.

Оның қалайша тірі қалғандығына құтқарушылардың өзі бас шайқап, таңғалыпты.

Бикеш Хорватиядан Италияға қарай жол шеккен Кемеде болған екен. Абайсызда сол кемеден суға құлап кеткен. Кеменің биіктігі 20 метр болса керек.

Хорватиялық құтқарушылар бикештің құлап кеткен жерін бейнетаспа арқылы анықтап, судан аман-есен алып шыққан.

Бикештің өзі йогамен айналысқандығының және үздіксіз ән салғандығының арқасында аман қалғандығын айтқан екен. «Йоганың көмегі тигені түсінікті, ал әннің қандай пайдасы бар?» деп сұрақ қойғандарға, «ән салсам, ұйқтап қалмаймын» деп жауап қатқан екен бикеш.

Дереу емханаға жөнелтілген Кэй Лонгстаффтың денсаулығы өте жақсы.

Дереккөз: altaynews.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде