{metadescription}
Алматыда «Сезам» тұрғын үй кешені отқа оранды

Алматыда «Сезам» тұрғын үй кешені отқа оранды

Алматыда «Сезам» тұрғын үй кешенінен өрт шықты.

22 тамыз күні сағат 19.43-те ТЖД «101» пультіне Бостандық ауданы Торайғыров пен Науаи көшелері қиылысында орналасқан 13 қабаттты тұрғын үй кешенінің пәтері өртеніп жатқаны туралы хабарланған.

«Алғашқы өрт сөндіруші техника оқиға орнына 5 минуттан соң, 19.48-де жетті. Өрт сөндірушілер адамдарды құтқарумен қатар өртті сөндіруге барын салуда. Адам күші мен құралдар санын қажетінше арттырып жатырмыз. Қосымша ақпаратты хабарлаймыз»,-деді қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамедова.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде