Тікелей эфирде сұқбат алып тұрған журналист есінен танып құлады
Оқыс оқиға болған кезде Ресей өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуров журналистің сұрақтарына жауап беріп жатқан.
09:54 23.08.2018
Журналист есінен танып қалған сәт видеоға түсіп қалды – бұл уақытта тікелей эфир қосулы тұрған, қыздың сұрағына Ресей өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуров жауап берген.
Оқиға "Россия-24" телеарнасының тікелей эфирінде болды. Журналист Дарья Козлова Ресей өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуровпен сұқбаттасып тұрған. Ведомство басшысы сұраққа жауап берген соң оператор камераны қызға қарай бұрады. Осы сәтте ол есін жоғалтып жатқаны белгілі болды, қыз әңгімесін жалғастыруға тырысқанымен одан түк шықпады.
Құлап бара жатқан журналисті қасында тұрған әріптестері ұстап қалды, оған Денис Мантуров та көмектесті. Осыдан кейін тікелей трансляция үзіліп, эфирге студиядағы жүргізуші шығады.
Кейінірек қыздың жағдайы жақсарғаны белгілі болды.
Оқиға "Армия-2018" халықаралық әскери-техникалық форумында жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар таныстырылып жатқан кезде болды.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары