{metadescription}
Мешіт өртеніп, екі адам қаза тапты
Қырғызстандағы Ош облысының Гулбар ауылында мешіт өртеніп оранып, екі адам көз жұмды. Агенттіктің мәлімдеуінше, келеңсіз жағдай 23 тамыз күні таңғы сағат 7-лер шамасында болған. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер сағат 7:50-де тілсіз жаудың бетін қайтарды. Өрт салдарынан екі ер адам қаза тапқан. Олардың аты-жөні әзірге белгісіз. Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Дереккөз: ҚазАқпарат
11:26 23.08.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!