Көшеде әйелді тыр жалаңаштап, ел көзінше жазалады
Оқиға Үндістанның Бехар штатындағы кішігірім қалада орын алған.
13:04 23.08.2018
Желіде жалаңаш әйелді қуып жүрген видео лезде тарап кеткен. Жәбірленушіні 19 жасар Вимлеша Шаханы өлтірген деп айыптауда. Сол себепті марқұм болған Шаханың ауылдастары өштерін алуға келген.
Әйелдің үйін өртеп, ұрып-соққан. Тыр жалаңаштап, көшеде қуған.
Тәртіп сақшылары болған жайтты WhatsApp-та тарап кеткен видео арқылы білген. Оқиға орнына келген олар адамдарды қару арқылы ғана тарқата алған.
Қазір жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Қылмысқа қатысы бар деп 15 адам қамауға алынған. Ерлердің не себепті дәл осы әйелді жазалағандары белгісіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!