Азиада-2018: Алексей Луценко алтын алды
Бүгін Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына көптен күткен екінші алтын медаль түсті.
13:24 23.08.2018
Бүгін Азия ойындарында велоспорттан топтық жарыс аяқталып, қазақстандық Алексей Луценко чемпион атанды.
ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 150 шақырымға созылған жарыс аса тартысты өтті. Әсіресе, мәреге жақындаған тұста медальға үміткер бес спортшы барын салды.
Алексей Луценко екі жапондық және екі таиландтық велоспортшының көрсеткен қысымына қарамастан, мәре сызығын бірінші болып кесті. Луценконың уақыт көрсеткіші - 3:25:25.
Күміс жүлде Жапония, қола жүлде Таиланд спортшысының еншісінде.
Велоспортшы Қазақстан қоржынына Азия ойындарындағы екінші алтын медальді салып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!