ШҚО-да әкімшілік жазаға тартылған әйел камерада асылып қалды
Кезекші полиция қызметкерге тұтқын әйелдердің бірі камераласының оғаш қылықтарын айтып, шағымданған.
14:00 23.08.2018
Алайда кезекші оған мән бермейді. Камерада болып жатқан жағдайға, тіпті, назарын да аудармаған екен. Нәтижесінде тұтқын әйел камерада асылып өліпті.
Оқиғаның мән-жайы Семей қаласының № 2 сотының материалдарында баяндалады.
2017 жылдың 11 қазанында полиция қызметкері әкімшілік тәртіпті тұтқындалғанға арналған қабылдау мекемесіне кезекшілікке тұрады. Камералардың бірінде бірнеше күн бұрын қамауға алынған семейлік тұтқын әйел болған.
Оның камераласының сотта берген жауабына сүйенсек, ол тәртіп сақшысын әлгі тұтқынның жат қылықтары туралы бірнеше рет ескерткен, алайда одан еш нәтиже шықпайды. Біраз уақыттан кейін камерада жалғыз қалған әйелдің өлі денесі табылды.
Бейнебақылау камераларындағы жазбада тұтқындардың дұрыс қадағаланбағаны байқалады. Видеода әйел киімінің қалтасынан жіп алып шығып, торлы есікке байлап, өз-өзіне қол салғаны жазылып қалған. Ал оның денесін полицейлер тек екі сағаттан кейін тауып алды.
Сотта кезекші болған полиция қызметкері кінәсін толық мойындады. 17 шілде күні оған шартты түрде алты ай бас бостандығынан және үш жылға мемлекеттік қызметте жұмы істеу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.
Дереккөз: altaynews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!