{metadescription}
Әлемнің ең қымбат актері белгілі болды

Әлемнің ең қымбат актері белгілі болды

Биыл Голливуд актері Джордж Клуни әлемдегі ең көп ақы төленетін актерлердің тізімін басқарды.

Рейтинг Forbes журналының сайтында жарияланды. Белгілі болғандай, Джордж Клуни 2017 жылғы 1 маусымнан 2018 жылғы 1 маусымға дейін 239 миллион АҚШ долларын тапқан. Клуниге өзінің Casamigos Tequila компаниясының сатылымынан негізгі 233 миллион АҚШ доллары түскен.

Екінші орынға Дуэйн Джонсон орналасты. Ол  «Джуманджи: Джунгли шақырады» блокбастеріне қатысқаны үшін 124 миллион АҚШ долларын тапқан. Джонсон басты рөлге түсіп қана қоймай, голливуд классикасының сиквеліне продюсерлік еткен.

Рейтингтің үшінші орнында 81 миллион АҚШ долларымен кіші Роберт Дауни тұр. Актерге негізгі қаражат «Кек алушылар. Шексіздік соғысы» фильмінен түскен.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде