Үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қызылорда, Ақмола және Қостанай облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.
18:04 23.08.2018
24 тамыз күні таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел батыстан, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғып, шаңды дауыл тұруы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
24-26 тамыз күндері Ақмола облысында жаңбыр жауады, 24 тамыз күні күндіз, 25 тамыз күні түнде кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. 24-26 тамыз күндері күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал.
24 тамыз күні Қостанай облысының кей жерлерінде күн күркіреп, жел түнде солтүстік-батыстан соғады, күндіз оның жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетіп, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!