{metadescription}
Қостанай тұрғыны жұбайының ағасын пышақтап өлтірді

Қостанай тұрғыны жұбайының ағасын пышақтап өлтірді

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жұбайының ағасын өлтірген қостанайлыққа қатысты іс қаралды.

Іс деректерінде көрсетілгендей, З. есімді азамат өзінің бұрынғы жұбайы азаматша К.-мен сөзге келіп қалады. Кейін азаматша К. ағасы Ж.-ны көмекке шақырады. Ер азаматтар арасында дау шығып, төбелес болады.

«Азамаша К. пәтерден шығып, қашып кетеді. Ал З. өзінің ойлаған мақсатын соңына дейін жеткізу үшін Ж.-ға пышақпен бір соққы жасайды. Жәбірленуші алған соққының салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Күдікті З. қылмыс жасаған соң, оғиға болған жерден ізін жасырады, кейін полиция қызметкерлеріне ұсталады», - делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында.

Бүгін Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында аталған қылмыскерге қатысты үкім шықты. Оған сәйкес, азамат З. ҚР ҚК-нің 99 бабы 1 бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оған 14 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

12 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде