{metadescription}
ШҚО-да қарақшылар зейнеткерлерді тонады

ШҚО-да қарақшылар зейнеткерлерді тонады

Зырян ауданының Кутиха ауылында жасы 90-ға таяп қалған қарт адамдарға қарақшылық шабуыл жасалды.

Оқиға кешкі уақытта орын алған. Белгісіз үш ер адам біреудің үйіне асүйдің терезесі арқылы баса көктеп кіреді.  Бүктемелі пышақпен қорқытып, үйдің қарт қожайындарынан ақша талап етіпті.

Нәтижесінде 85 жастағы үй қожайыны дене жарақаттарын алды. Үйді төңгеріп шығып, ақша таппаған қарақшылар құрылыс материалдарын, төсек-орын жабдықтары мен азық-түлікті алып кетеді. Келтірілген залалдың мөлшері 200 мың теңгені құрап отыр.

Жедел іздеу іс-шаралары барысында Зырян ауданының бұрын сотталған 32, 33, 36 жастағы үш тұрғыны құрықталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Дереккөз: altaynews.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде