Семейде үш баланың анасы жоғалып кетті
Семейде полицейлер мен ерікті азаматтар үш баланың анасын іздестіруде.
10:57 25.08.2018
20-шы тамыз күні белгісіз бағытқа қарай үйінен шығып кеткен 38 жастағы әйел қайта оралмаған.
Еріктілердің айтуынша, Динара 20 тамыз күні кешкі сағат 17:00 шамасында Нахаловка деп аталатын ауылынан шығып кеткен. Өзімен бірге ол телефонын немесе жеке құжаттарын алып шықпаған.
Оның ерекше белгілері: бойы шамамен 170 см, шашы қара. Маңдайының оң жақ бөлігінде тыртық бар. Жоғалатын күні үстінде ақ жейде, ашық қоңыр түсті шалбар болған.
Еріктілердің сөзінше, туыстары әйелдің қайда бағыт алғанын тіпті болжай алмай отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!