МакГрегор Нурмагомедовтің әкесін қорлады
Аралас жекпе-жектен ирландиялық файтер Конор МакГрегор UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедовтің әкесі әрі бапкерін қорқақ деп атады.
11:32 25.08.2018
МакГрегор Абдулманап Нурмагомедовке Instagram желісіндегі парақшасында сөз арнады. Ол UFC 223 қарсаңында автобусқа жасалған шабуыл кезіндегі ұлының суретін жариялады.
"Абдулманап, мен сенің кім екенін білемін. Ортаншы балаңға ұқсап жалған құрметтің артында жасырынасың. Дірілдеген қорқақ", - деп жазған МакГрегор автобусқа шабуыл жасалған сәттегі Хабибтің суретін жариялап.
Еске салайық, ресейлік файтер ирландиялықтың спарринг-серігі Артем Лобовтың сұхбатында айтқан сөзін сынға алып, жеке кездескенде мәселе шешетінін мәлімдеген. Оған қарсы МакГрегор 6 сәуірде автобусқа шабуылдаған, жолаушылардң бірі Нурмагомедов болған. UFC түсірген кадрларда МакГрегордың автобусқа қоларба мен темір қоршау шиырғанын көруге болады.
Дереккөз: Vesti.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!