Ғашығынан айырылған ер адам 1500 шақырым жаяу жүрген
Махаббат оқиғасы Тайлант елінде орын алған.
14:00 25.08.2018
Тайланд тұрғыны 1500 шақырым жаяу жүріп, қайтыс болған сүйіктісін еске алуға және оның уәдесін орындау үшін ең биік тауға көтерілді.
Бірнеше жыл бұрын Суксит Сапантамат өзінің ғашығымен бірігіп сапарға шығуға ақша жинап, Дойинтанон тауына көтерілуге уәде еткен екен. Алайда 2016 жылдың қазан айында ол сүйіктісінен айырылып қалады. Ол қатты қайғырып, уәдесін орындауға бел буады. Сүйіктісінің барлық киімдерін алып, әлемді жаяу шарламаққа аттанған. Сапар соңында ер адам 1500 шақырымды жаяу жүріп өткен екен.
Ол түнді жол бойында, храмдарда және зираттарда өткізген. Жолай қалалар мен ауылдардың тұрғындары оған су мен азық-түлік ұсынып көмектескен.
Бір жарым жыл жүргенде оның қатарына екі ит пен қара мысық қосылады. Иттің біреуіне Кракоу, ал екіншісіне Намо деп ат қойып қойған.
«Біз ешқашан ажырамағанбыз. Бірге жұмыс істедік және бірге демалдық. Мүмкін бір күні оны ойлауды, еске алып жылауды қоярмын»,- деп жігіт журналистер сұрағына көзіне жас алып жауап берді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!