{metadescription}
Алматылықтарды Қала күнімен құттықтауға әйгілі LMFAO дуэті келеді

Алматылықтарды Қала күнімен құттықтауға әйгілі LMFAO дуэті келеді

Аты аса танымал америкалық дэнс хип-хоп LMFAO дуэті қала тұрғындары мен қонақтарын Қала күнімен құттықтау үшін Алматыға келеді.

Музыканттар  Redfoo (and the Party Rock Crew) шоуымен Қала күніне арналған «B-DAY PARTY»  жобасының Гала-концертінде 16 қыркүйекте «Almaty Arena» сахнасында өнер көрсетеді.   

Олармен қоса, сахнада өзге де арнайы шақырылған қонақтар: Градусы тобы,  «Hammali & Navai», Мальбек  пен Сюзанна  т.б. өнер көрсетеді. 

Сонымен қатар, сол күні  қаланың барлық алаңдарында ойын-сауық бағдарламалар ұйымдастырылады: ҚР Тұңғыш ПРезиденті саябағында,  Панфилов көшесінде,  Almaty Arena алдындағы алаңда,  Жібек Жолы көшесінде,  Абай алаңында және «Астана» алаңында, Орталық Мәдениет пен демалыс саябағында,  Көк-Төбеде  «AЛМА FEST» қалалық алма фестивалі өтеді,  Есентай өзенінің бойында заманауи өнердің «ARTBAT FEST» халықаралық фестивалі өтеді,  Жібек жолы көшесінде кілем бұйымдарының жәрмеңке-көрмесі ұйымдастырылады,  ОМжДС-да  - VII  халықаралық  «ALMATY GARDEN SHOW» бау-бақша фестивалі, ал  «Астана» алаңында «Red Bull ALMA FMX JAMS»  мотофристайлға қатысушылар шоу өткізеді. 

Қала күні мерекесі сағат 21-00-де «Астана» алаңындағы отшашумен аяқталады.

Еске сала кетсек, Алматы қаласының күніне орай 100 астам іс-шара жоспарланып отыр. 25 тамыздан  - 30 қыркүйек аралығында өтетін мерекелер тізімін мына жерден қараңыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.