ВИДЕО: Модель жігіт тиын-тебен сұраған қайыршыны аяусыз ұрып өлтірді
Модель жігіт тиын-тебен сұраған қайыршыны аямай ұрды.
12:21 28.08.2018
Қайыршының басынан екі рет бейсбол таяғымен ұрып құлатқан, деп хабарлайды Mirror. Еркек есінен танып қалған.
Көшеде ілініп тұрған бейнебақылау камерасына модель Гонсалес пен 49 жастағы үйсіз-күйсіз қаңғып жүрген Педро Крустың жанармай бекетінің жанындағы жанжалы түсіп қалды. Крус Гонсалестен ақша сұрады. Гонсалес көк тиын бермей, айқайлап балағаттай бастады. Жігіт көлігіне қайта оралып келіп, бейсбол таяғын алып, қайыршының басынан бірнеше рет ұрады.
Бірнеше күн ауруханада жатқан Педро Крус ақыры көз жұмды. Ал модель жігіт 10 жылға сотталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!