Ғалымдар: Беттегі әжім - ажал жаршысы
Ғалымдар адамның денсаулығы мен оның бетіндегі әжімдердің байланысын тапты.
12:47 28.08.2018
Маңдайдағы әжімдер жүрек-тамыр ауруларынан болатын өлім қаупін көрсетеді. Бұл туралы Тулуза университетінің сарапшылары мәлімдеді.
Француз ғалымдары адамның денсаулығы мен оның бетіндегі әжімдердің арасында үлкен байланыс бар екенін айтып отыр. Аталмыш мәселені зерттеуге 32 мен 62 жас аралығындағы 3200 адам қатысыпты. Маңдайдағы көлденең әжімдердің тереңдігін амамандар үш топқа бөлді. Белгілі болғаны, маңдайындағы әжімі ең терең адамдар жүрек-тамыр ауруымен ауыру ықтималдығы 10 есе көп болып шықты.
Сарапшылардың ойынша, бұл мәліметті қазіргі аурулардың алдын алу диагностикасына пайдалануға болады. Мысалы, қандағы холестерин мөлшерін анықтау үшін арнайы анализдер тапсыру қажет. Ал беттегі терең әжімдерді бір қарап байқауға болады. Ол жүрек-тамыр ауруынан сақтандырудың бірден-бір жолы.
Айта кету керек, бұл адам денсаулығы мен оның бетіндегі әжімдердің байланысын дәлелдеген алғашқы ғылыми-зерттеу, - деп жазады studyfinds.org сайты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!