ВИДЕО: Піл туристердің көлігіне шабуыл жасады
Шри-Ланкада піл туристер көлігінің әйнегін шағып, күл-талқанын шығара жаздады.
16:20 28.08.2018
Оқыс оқиға Шри-Ланкада болды. Катарагама қаласының шетінде туристер отырған көліктің артынан піл шыға келді.
Көліктің тап жанына барған пілді жақыннан көрген тіристер жануарды қызықтап, көліктің ішінен тамашалап отырған болатын. Бір мезетте автомобильдің тап жанына тақап келген піл тұмсығымен артқы әйнекті соға бастады. Әйнек шатырлап сынды. Сосын піл тұмсығымен автоның үстін ұрғылай бастады.
Шошып кеткен туристер көлікті іске қосып, орнынан қозғалып кетті. Піл біраз уақытқа дейін көліктің артынан қалмай ілесіп отырды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!