{metadescription}
Мас әкесі баласын темекіге барудан бас тартқаны үшін өлтірмек болды

Мас әкесі баласын темекіге барудан бас тартқаны үшін өлтірмек болды

Башқұртстанда араққа сылқия тойып мас болған әкесі 11 жастағы ұлын темекіге барудан бас тартқаны үшін қылқындырып өлтірмек болды.

Бала қазір Гафури ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Оқыс оқиғаның қалай өрбігенін құқыққорғау органдарының өкілдеріне баланың анасы баяндап берді. 

— Тергеу анықтағандай, 24-ші тамызда арақ ішіп алған 40 жастағы еркек 11 жастағы ұлын дүкенге темекі сатып алуға жұмсайды. Баласы бармай қояды. Ақыры баласына ұрысқан әкесі ұлын бас салып тұншықтыра бастаған, — деп хабарлайды Башқұртстан тергеу комитетінің баспасөз қызметі.

Әкесінің әрекетін көріп қалған қызы шешесін көмекке шақырады. Жүгіріп жеткен шешесі ұлын өлімнен арашалап қалды. Сосын жедел жәрдем шақырған. 

Құқыққорғау органы кәмелетке толмаған баланы өлтірмек болды деген айыппен қылмыстық іс қозғады. Күдікті қамауға алынды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде