Тығылмақ ойнап жүрген екі бала ескі тоңазытқышта тұншығып өлді
Ресейдің Краснояр өңіріндегі Мотыгин ауданында үйде тығылмақ ойнап жүрген екі бала ескі тоңазытқышқа қамалып тұншығып өлді.
18:20 28.08.2018
27-ші тамыз күні тәтесінің үйіне қонаққа келген 3 жасар бала туыс ағасы 4 жасар баламен есік алдында тығылмақ ойнаған, - деп хабарлайды Mash.
Бір мезетте олар аулада жұмыс істемей тұрған ескі тоңазытқыштың ішіне кіріп тығылмақ болады. Қорада тұрған ескі "Мир" тоңазытқышының ішіне жайғасқан олар есігін іш жағынан аша алмай қалған. Өздігімен шығу мүмкін болмады.
Кешкі сағат сегіз шамасында тәтелері ұлы мен туыс баланы іздеп таба алмай, полиция шақырады. Полиция екі баланы тоңазытқыштың ішінен тапты. Жедел жәрдеммен жеткен дәрігерлер балалардың өліп қалғанын анықтап, тіркеді.
«Екі кәмелетке толмаған баланы абайсызда өлтіріп алды» деген бап бойынша қылмыстық істің тергеуі жалғасуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!