{metadescription}
Шабыттандырушы қуыршақ: Оңтүстік Африка өз Барбиін шығарды

Шабыттандырушы қуыршақ: Оңтүстік Африка өз Барбиін шығарды

Оңтүстік Африка өз Барбиін шығарды.

Барби, Синди, Винкс емес, Акики. Есімі  - Акики. ОАР-да африкалық балаларға арнап осындай қуыршақ шығарды. Оның түсі қараторы, шашы бұйра, киімі ұлттық африкалық.

Акикиді кездейсоқ ойлап тауыпты. Ойыншық шығарушы Фатима Абдулға кішкентай қызы келіп, еуропалық, америкалық қуыршақтарға ұқсағысы келетінін айтқан. Сонда әйел жергілікті халықтың еліктейтін өз қуыршағы болуы тиіс деп шешіпті. 

Ал есімін кездейсоқ берген жоқ. Акики суахили тілінен аударғанда лағыл тасын білдіреді. Лағыл Африкада өзіне сенімділік пен батылдық, абыройлылық символы. Фатима тап осы қасиеттерді жергілікті балаларға дарытқысы келеді. Сондай-ақ Фатима өз халқының тарихын, дәстүрі мен мәдениетін мақтан еткенін қалайды. 

Аталмыш қуыршақ Мозамбика, Кения, Нидерланды мен Ұлыбритания тарапынан қызығушылық тудырып отыр. 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде