{metadescription}
Шымбұлақта қар жауды

Шымбұлақта қар жауды

Шымбұлақ тау шаңғы курортына биылғы алғашқы қар түсті.

Алматыдағы Шымбұлақ тау шаңғысы демалыс орнында сейсенбі 28 тамыз күні қар жауды.

Қар курорттың жоғары жағына, Талғар асуына жауған. Курорт жұмысшылары таңданысын жасыра алмай, оның видеолары мен фотоларын әлеуметтік желіде бөлісіп жатыр.

Видеода көрінгендей, тауды қалың қар басып қалған.

 

Асудағы ауа температурасы күндіз 6-8 градус нөлден жоғары, ал қаланың ішінде Цельсий бойынша 25-28 градус ыстық.Айта кетсек, Шымбұлақта қардың "мезгілсіз" жаууы – жиі болатын құбылыс. Соңғы рет мамырдың соңында демалыс орнында қапалақтап қар жауған еді.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде