Селфи жасамақ болған бойжеткен қаза тапты
Киевтегі Алма-Атинский көшесіндегі 13-қабаттың терезесінен 15 жастағы қыз құлап кеткен. Қайғылы оқиға 28 тамызда орын алған. Куәгерлердің айтуы бойынша, 13-қабаттың подьезінде терезе маңында селфи жасамақ болған қыз баланың аяғы тайып, құлап кеткен. Алған жарақаттардан бойжеткен сол мезетте тіл тарпай кеткен. Қыздың достарының айтуынша, жасөспірім жауапсыз махаббаттан күйзелісте жүрген. Оқиға болған жерге полиция мен жедел жәрдем тобы лезде жеткен. Қазір тергеу жұмыстары жүруде.
14:18 29.08.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!